Ақтауда жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де сайлаушылардың 13,1 пайызы дауыс берген - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де сайлаушылардың 13,1 пайызы дауыс берген

Ақтауда жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де сайлаушылардың 13,1 пайызы дауыс берген

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Маңғыстау облысында жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де (Астана уақыты бойынша 13.00) сайлаушылардың 22 пайызы, ал Ақтауда - 13,1 пайызы дауыс берді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 18 Тамыз 2007
  • 1305
Фото - Caravan.kz

Әрбір сайлау учаскесінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның бақылаушылары бар, «Ақ жол», «Руханият» партияларының да өкілдері, сонымен қатар ЕҚЫҰ бақылаушылары да қатысуда. Кестеге сәйкес, ЕҚЫҰ бақылаушылары бір топта екі адамнан жұмыс істей отырып, сайлау күні 15-20 сайлау учаскелеріне барады.

Облыстық сайлау комиссиясынан атап өткендей, «облыс орталығындағы сайлау учаскелерінің көбінде «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесі орнатылғандығына қарамастан (43), халық негізінен дәстүрлі қағаз бюллетень толтыру әдісімен дауыс беруде».

Аймақта барлығы 157 сайлау учаскесі бар, олардың 56 — Ақтауда. Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 235 799 адамды құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті