«Орталық сайлау комиссиясына бірқатар сайттар мен блогтарда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жеке кодтары мен парольдары пайда болды, осыдан «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесінің қауқарсыздығы туралы қорытынды жасауға болады деген… сонымен қатар осы ақпараттың көмегімен дауыс беру барысын бақылауға болады деген шағымдар келіп түсті»,- деді В. Фоос. Ол, осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясына «Алматы мен басқа да аймақтарда «Сайлау» жүйесін пайдалануды тоқтату және дауыс беруді тек қағаз бюллетеньдер арқылы жүзеге асыруды талап етумен жүгінген» деп қосты.
«Расында да комиссия мүшелерінің жеке кодтары кейбір блогтар мен сайттарда шыққандығын жеткіземін, бірақ қорытынды дұрыс жасалмаған»,- деп жалғастырды Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, сөз «электрондық сайлау жүйесін тестілуге оқыту кезінде пайдаланылған» парольдер туралы болып отыр.
«Біз Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін оқытқанбыз, оқуға мамандар да, жай азаматтар да тартылған болатын. Осыған байланысты оқыту кезеңі уақытша болғандықтан сол кездегі парольдардың өзі де оқыту үшінуақытша пайдаланылған, олар тізім ретінде жинастырылған болатын»,- деп түсіндірді В. Фоос. Оның пайымдауынша, «осы мәліметтерді жариялағандардың қорытындылары мүлдем дұрыс емес». «Комиссия мүшелері аталмыш парольдер арқылы сайлау процессіне бақылау жасай алады деген мәлімет жалған»,- деп қосты ол.
Оның айтуынша, комиссия мүшелерінің код-парольдарын «машиналар дауыс беру аяқталғандағана қабылдайды және сайлау комиссиясының әрбір мүшесі электрондық хаттамаға электрондық қол қояды». «Бұл дауыс беру кодтары Орталық сайлау комиссиясынан берілген, олар жапсырылған конвертте сақталған, және де учаскелердің ашылуын бақылағандар олардың жапсырылған түрде көрсетілгеннен кейін ашылғандығын көрді»,- деп нақтылап өтті Орталық сайлау комиссиясы төрағысының орынбасары.
«Бұл ақпараттың кейбір сайттарда шығуының салдарынан Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақтан облыстарында электрондық сайлау желілерінде хакерлер отыр, және де сайлаушыларды «Сайлау» жүйесімен дауыс бермеуге шақырады деген дақпырттар тараған, менің пайымдауымша бұл электрондық сайлау жүйесінің беделін түсіру үшін әдейі жасалған»,- деп қорытындылады В. Фоос.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті