Әзербайжандық байқаушылар сайлау барысына көңілі толатындығын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжандық байқаушылар сайлау барысына көңілі толатындығын білдірді

Әзербайжандық байқаушылар сайлау барысына көңілі толатындығын білдірді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Әзербайжандық байқаушылар сайлау учаскелеріндегі ахуалды "айрықша тыныш" деп бағалайды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов мәлім етті.

  • 18 Тамыз 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Әзербайжандық делегация таңғы сағат жетіден бері үш округтегі 10-нан астам учаскеде болды. «Біз бірде-бір учаскеде сайлау нәтижесіне ықпалын тигізетіндей қандайбір заң бұзушылықты байқаған жоқпыз. Біз сайлаушыларға қысым жасау оқиғасын байқаған жоқпыз. Жалпы ауан өте тыныш екен деген әсер алдық», — деді М. Панахов.

Келген өкілдер құрамында үш адам бар: Әзербайжан милли меджилисіндегі «Әзербайжан — Қазақстан» депутаттық тобының жетекшісі Фархад Гарибов, Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының халықаралық қатынастар департаментінің директоры Ровзат Гасымов пен Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті