2007 жылы сайлауға келгендер саны бұрынғы сайлаулардағы көрсеткіштерден жоғары - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы сайлауға келгендер саны бұрынғы сайлаулардағы көрсеткіштерден жоғары  - ОСК

2007 жылы сайлауға келгендер саны бұрынғы сайлаулардағы көрсеткіштерден жоғары - ОСК

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. 2007 жылы парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен ҚР барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауына келгендер саны бұрынғы жылдарда өткен сайлаулардағы көрсеткіштерден жоғары болды.

  • 19 Тамыз 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі нәтиже көрсеткендей, сайлауға келгендер саны өткен сайлаулардағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ке артық», — деді бүгін өткен брифингте ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев.

Оның еске салып өткеніндей, 2004 жылы мәжіліс депутаттарының сайлауына сайлаушылардың 56,8% қатысса, 2003 жылы мәслихат депутаттарының сайлауына — 56,4% қатысқан.

18.00 сағаттағы жағдаймен елімізде сайлаушылардың 58% дауыс берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті