Оның айтуынша, айрықша белсенділердің үштігіне Темір, Шалқар және Байғанин аудандарының тұрғындары енді, мұнда сайлаушылардың 80% астамы дауыс беруге келді. «Облыстың басқа аудандарында да осындай жағдай», — деп атап өткен О. Захарова Ақтөбеде бұл көрсеткіштің салыстырамыл түрде төмен, 37% болғанын айта кетті.
Жалпы алғанда, О. Захарованың мәліметінше, жергілікті уақытпен 17.00 сағаттағы жағдаймен облыс бойынша сайлауға келгендер 57% болды, бюллетень толтырған адамдар саны 232 мың адамнан асты. Тұтастай алғанда Ақтөбе облысында 401 мың тұрғын дауыс беруге тиіс болған.
Бұған қоса баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлау барысында шағымдар да тіркелді. «Шағымдар мен заң бұзушылқтар бар, бірақ біз оларға жедел жауап қатып, оқиға орындарына барып, мән-жайды анықтадық», — деді О. Захарова. Дегенмен, ол «ондай оқиғалардың шығу себептері мен жалпы заң бұзушылықтар санына қатысты дәлме-дәл мәліметтер жоқ»,- деді.
Сайлау барысына 1400 адам бақылау жасады, олардың 20-сы ЕҚЫҰ желісімен байқаушылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті