Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы бойынша №130 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігінде жергілікті уақытпен 7.00-де ашылды.
«Дауыс беру процедурасына Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, осы елде аккредитацияланған халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, Иранда уақытша жүрген басқа да Қазақстан азаматтары қатысты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
СІМ мәліметтеріне сәйкес, Тегеран уақытымен 15.00 сағаттағы жағдаймен дауыс беруге өтініш берген 46 адам, соның ішінде»Казахстанкаспийшельф» ААҚ-ның 16 қызметкері дауыс берді, олар Парсы шығанағы бассейнінде, кезекшілікпен қызмет етіп жүрген жерлерінде таңдауларын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті