Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20-тамыз. АСТАНА. 29 тамызда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған "Ядролық қарусыз әлемге Қазақстан салған жол" атты халықаралық симпозиум өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz



Симпозиумның мақсаты — қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартып, бейбіт сыртқы саясатымен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Қазақстанның үлгісіне әлем назарын аудару.

Іс-шараға қоғамдық саяси топтардың, сарапшылардың, Қазақстан мен шетелдердің ядролық зерттеу орталықтарының 250-ге тарта өкілдері, шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Ядролық қару таратпау мәселесіне қатысты өз ойларын Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабев, Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұханбетов, АҚШ Өкілдер палатасының Азия, Тынық мұхиты өңірі және ғаламдық экология істері жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Э.Фалеомаваега, конгрессмен К. Кэннон, АҚШ Оңтүстік -Шығыс университетінің профессоры, Таяу Шығыс және Ұлттық қауіпсіздік ұйымының хатшысы, саясаттану ғылымдарының докторы С. Барони ортаға салады.

Симпозиум аясында көрме ұйымдастырылып, «Қазақстанның ядролық қарусыздануы — қауіпсіз әлем қалыптастырудың жаһандық үлгісі» атаулы кітаптың таныстырылымы болады.