Сайлау күні тәртіп сақтауды 100 мыңнан астам полицей жүзеге асырған - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні тәртіп сақтауды 100 мыңнан астам полицей жүзеге асырған - ІІМ

Сайлау күні тәртіп сақтауды 100 мыңнан астам полицей жүзеге асырған - ІІМ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. АСТАНА. Сайлау күні тәртіп сақтауды 100 мыңнан астам полицей жүзеге асырған. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz



«Сайлауда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігі жеке құрамы түгел дерлік қатысты, бұл 100 мыңнан астам адам»,- деп атап өтті ол. Сондай-ақ, «бүкіл Қазақстан бойынша сайлау учаскелері маңындағы аумақтарға аса назар аударылды», деп қосты.

«Сайлау тыныштық ахуалында өтті, полиция атына бақылаушылар тарапынан да, сайлау комиссияларының тарапынан да сын айтылған жоқ»,- деп атап өтті Б. Қожахметов. Оның айтуынша, «полицейлер тиісті күзет пен сайлау бюллетеньдерін жеткізуді қамтамасыз етті». «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесі орнатылған учаскелер ерекше өкімге дейін полиция күзетінде болады»,- деп қосты ол.