«Жаңа ережеге сәйкес, суретке бет пішінін жаппайтын бас киіммен түсуге болады»,- деп атап көрсетті Фронтбекқызы Жамал. Оның түсіндіруінше, «бұл діни сенімінде бөтен адамға орамалсыз көрінуге жол бермейтін азаматтар үшін рұқсат етілген». Фронтбекқызы Жамалдың айтуынша, республиканың мұсылман әйелдері бұл мәселені 4 жылдан бері қозғап келеді. Қоғамдық қордың белсенділері бұл бастаманы қолдау үшін 45 мың қол жинаған.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтарында републиканың мұсылман әйелдеріне ресми құжаттың суретіне орамалмен түсу мүмкіндігін беру туралы мәселені қарайтын мекемеаралық комиссия құрылған. Комиссияның құрамына Қырғызстанның Ақпараттық ресурстары мен технологиясы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері кірген болатын.