«Президенттің партиясы — «Нұр Отанның» сайлаудағы жойқын жеңісі заңды, тіпті бұлтарыссыз болатын», — деді Қ. Саудабаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
«Экономикалық өсім мен қазақстандықтардың әл-ауқаты барған сайын арта түскен қазіргі ахуалда президенттік партия жеңбей қоймайтыны, әлбетте, қисынды», — деді ол. «Және бұл ешкім үшін күтпеген оқиға немесе тосын жәйт болған жоқ», — деп қосты ол. Мемлекеттік хатшының пікірінше, «ашық әрі бәсекелі сайлауда «Нұр Отан» партиясының жеңіске жетуі — Қазақстан халқының саяси таңдауының айқын айғағы».
Дегенмен, Қ. Саудабаевтың пікірінше, басқа барлық партиялардың жалпы алғанда 12% дауыс жинауы қазіргі қоғамдағы шынайы пікір алуандығының және елде нақты саяси бәсекелестіктің бар екендігінің куәсі болып табылады. «Мен осы партияларды сайлау нәтижесіне обьективті әрі парасатты баға беріп, өздерінің жеңіліске ұшырағанын абыройлылықпен мойындауға, торығушылыққа жол бермей, құқықтық шеңберде өз жұмыстарын одан әрі жалғастырып, еліміздегі саяси өмірдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамын», — деді ол.
Қ. Саудабаевтың атап көтсеруінше, «сайлаушылар мен байқаушылардың айтуынша, осы жолғы сайлау науқаны еліміз тәуелсіздігінің тарихындағы ең ашық сайлау болды». «Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлау демократияны орнатуда алға қарай жасалған шешуші қадам болды деген ортақ тұжырым жасады», — деді ол.
«Билік өкілдері әкімшілік ресурсты мүлдем пайдаланбаумен қоймай, баршасына бірдей абсолютті теңдік, ашықтық пен әділеттілік жағдайын жасау үшін қолдан келгенннің бәрін жасағанын атап өткім келеді», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті