Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау нәтижесіне қарсылық танытпақ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 - тамыз. АЛМАТЫ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау нәтижесіне қарсылық танытып, сотқа бермек ниетте. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында оппозициялық партияның жетекшісі Жармахан Тұяқбай мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Тамыз 2007
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Жақын күндері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау қорытындысын жарамсыз деп тануын талап етіп, сайлау комиссиясының мүшелері мен басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін көтереді»,- деді Ж. Тұяқбай.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының пайымдауынша, «сайлау ең көп заң бұзушылықпен және жалғандықпен» өтті. Атап айтқанда, партия өкілдерінің пайымдауынша, келген сайлаушылардың санына қатысты мәліметті асырып көрсеткен.

Ж. Тұяқбай сондай-ақ, партия мүшелері ел аймақтарында наразылық митингісін өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала берген мәліметтері бойынша, сенбідегі мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлаушылардың 4,62 пайызын жинаған, сөйтіп бұл партия парламенттің төменгі палатасының құрамына кіруге қажетті 7 проценттік кедергіден өте алмай қалды.