Алматыда жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі жараланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. АЛМАТЫ. Алматыда жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі түрлі дәрежеде жараланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz



Апат Әуэзов ауданында Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында болды. Түн ортасында бұл жерде «Дайхауз Тэпиус» және «Лексус» көліктері соқтығысты.

«Апат салдарынан 25 және 19 жастағы үш жігіт зардап шегіп ауруханаға жатқызылды, олардың аты-жөні анықталған жоқ, — деп хабарлайды құтқарушылар. «Дәрігерлер тобы келіп жеткенге дейін оқиға орнында тағы үшеуі қаза тапты», — деп хабарлайды құтқару қызметі.

Жалпы өткен тәулікте Алматыда жол апаттарынан 10 адам зардап шегіп, төртеуі қаза тапты.