Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 20-тамызда күннің бірінші жартысында ЛА-155/1 мекемесінің «қабылдап-өткеру» шараларына арналған ғимаратында «танысына азық-түлік салынған дорба бермек болған»26 жастағы еркек ұсталды. «Оны мұқият тінту барысында дорбаның ішіндегі кәмпиттің ішіне тығылған героинн табылды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері. «Куәлердің қатысуымен тәттінің ішінен бір грамм героин алынды», деп қосты олар.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлерімен ЛА-155/1 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері «тергеу изоляторына есірткі өткізу жаспарланғандығы туралы расталған ақпарат алған».
Алматы ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, «үстіміздегі жылы изоляторға есірткі өткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілген».