Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. АЛМАТЫ. Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz


Апат сәрсенбі күні таңертең Төле би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерде 25 жастағы жігіт айдаған «Ниссан» мен 34 жастағы жігіт айдаған «Тойота» көліктері соқтығысты. «Апат салдарынан «Тойота» жүргізушісі жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қаза тауып, «Ниссан» жүргізушісі қалалық №7 ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды құтқарушылар.