СПИД орталығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың жеті айында облыста 31 адам СПИД-пен ауырған. Сөйтіп, СПИД індетіне шалдыққандар саны 61-ге жетті, олардың 25-і балалар.
«ВИЧ-індеті төрт сатыға бөлінеді. Адам түрлі ауруларға шалдыға бастайтын төртінші сатысы СПИД деп аталады», — деп түсіндіреді СПИД орталығындағылар.
Орталық мәліметіне сәйкес, жалпы ағымдағы жылдың жеті айында ВИЧ-індетін жұқтырған 139 адам анықталған, олардың 39 — балалар. Облыс бойынша ВИЧ-індетін жұқтырғандардың жалпы саны — 1051 адам, олардың ішінде балалар ( 1 тамыздағы жағдаймен) — 124.
Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды.