Атап айтсақ, баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Павлодар облысының Құндыкөл ауылдық округінде кеше 11.35-те далалық өрт шығып, ол 19.15-те шоғырландырылды. Жанып кеткен даланың жалпы аумағы 1200 га құрады. «Өртті сөндіруге 17 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, мекеме ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысындағы Южный ауылы маңында 15.35-те 450 га аумақта далалық өрт шықты. » Өртті сөндіруге 60 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды «, -деп хабарлайды баспасөз қызметі.