«Бәйдібек ауданы Шаян станциясынан 10 шақырым жерде Шымкент-Павлодар магистральдық мұнай құбырында кеше 15 сағат 25 минутта құбырға заңсыз жапқыш тиек орнатқан тұста сызат түсіп, одан мұнай ақты», — делінген хабарламада. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құбырдың ақаулы тұсы жабылып, мұнай ағу тоқтатылды.
«Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын «Қазтрансойл» АҚ-ның 12 адамы мен 7 техникасы жүзеге асыруда. Төтенше жағдайдың болуы мүмкін зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды», — делінген хабарламада.