Мемлекет басшысы Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысымен былайғы ынтымақтастықтың жайын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысымен былайғы ынтымақтастықтың жайын талқылады

Мемлекет басшысы Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысымен былайғы ынтымақтастықтың жайын талқылады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесуде былайғы ынтымақтастықтың жайын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астанадан.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 312
Фото - Caravan.kz



«Конструктивті диалог болып, өзара пікір және идея алмасуға мүмкіндік туды. Біз Қазақстан мен өзіміздің ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқыладық», — деді Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Қазақстан президентімен келіссөздерден кейін өткен брифингте.

«Қазақстанның біздің ұйыммен антымақтастықты толық қолдап, оны дамытуға белсенді үлес қосып отырғанына мен бақыттымын», — деді Э. Ихсаноғлы.

Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы өзінің бұл Астанаға алғашқы ресми сапары екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, бүгін Қазақстанның Елордасында «Ислам өркениеті Орталық Азияда» атты халықаралық ғылыми конференция өтетінін еске салды.