«Шекарашының мәйіті бүгін, 12.30-да, қайтыс болған жерден ағыс бойымен бес шақырым жерден табылды»,- деп хабарлады жедел кезекші. «Мүрде шлюзге тіреліп қалған»,- деп қосты ол.
Бұрын хабарлағанымыздай, 31-тамызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында шекара бұзушыны ұстау барысында Келес өзеніне шекарашы, қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов батып кеткен болатын. Оны іздестіру жұмыстары үш тәулікке созылып, оған жүзден астам адам жұмылдырылған.