Дәрігерлердің айтуынша, 1 қыркүйекте «жедел жәрдем» тобы шақыру бойынша 16 жасар қызға келген. Ол өзінің іші қатты ауырып тұрғанын айтады. Оны қарап шыққан дәрігерлер қыздың 6 айлық аяғы ауыр екенін анықтады. «Оқушы қыз тіпті өзінің екіқабат екенін білмеген. Оның ата-аналары ауылда тұрады, ал өзі қалада туыстарының үйінде сабаққа баратын көрінеді», — дейді дәрігерлер.
Жасөспірім қыз жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде уақыты жетпей босанып, өлі қыз тапты.