«Іс-шара нәтижесінде 9,7 тонна есірткі, соның ішінде 4,3 тонна апиын және 4,3 тонна марихуана тәркіленді. Заңсыз айналымнан 700-ге жуық қару тәркіленді»,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Арна-2007» іс-шарасының бірінші кезеңі 28-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттер аумағында: Армания, Беларусь , Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың контрабандалық әкеліну және әкетілуінің заңсыз арналарын анықтап жою мақсатында жүргізілді.
Іс-шараның бірінші кезеңінің барысын Латвияның, Литваның, Польшаның, Эстонияның, Украина мен Әзербайжанның, Қытай және Монғолия, Ауғанстан, Иран және АҚШ арнаулы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Интерпол қызметкерлері бақылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Арна» іс-шарасы 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.