Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы министрлер кеңесінің жанындағы қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы 6-7 қыркүйекте өтеді. Кездесу Ыстықкөлдің жағалауындағы бір мейманханада өтпек. «Тараптар ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен саладағы өзекті проблемаларды шешу жолдары жайлы талқылайды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жұмыс тобының отырысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның сарапшылары қатысады. Кеңеске Қырғызстан төрағалық жасайды.