2008-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша мәжілістің қорытындысы 15 қазанға дейін таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша мәжілістің қорытындысы 15 қазанға дейін таныстырылады

2008-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша мәжілістің қорытындысы 15 қазанға дейін таныстырылады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс "2008-жылға арналған Республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша өз қорытындысын 15 қазанға дейін дайындайды. Парламент мәжілісінің бүгін өткен жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Бюроның шешімімен қорытынды 15 қазанда таныстырылады», — деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

Заң шығару процедурасына сәйкес, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына қатысты қорытындыны мәжіліс пен сенат дербес жасайды, құжат бірінші және екінші оқылымда парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.