«Біз барлық тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға баса назар аударамыз. Қазіргі жағдаймен үш реттеуіш құрылған, және бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау жөнінде айрықша өкілеттілігі бар жеке мемлекеттік агенттік құруды қолдағанын сіздерге хабарлағым келеді», — деді К. Мәсімов бүгін іскерлік өкілдеріне арналған «Тұрақты даму жолы» атты дөңгелек үстел барысында.