Үкімет Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру жөніндегі міндет орындалады деп санайды - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру жөніндегі міндет орындалады деп санайды  - премьер-министр

Үкімет Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру жөніндегі міндет орындалады деп санайды - премьер-министр

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Үкімет 2012-жылға дейін Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру жөніндегі міндет орындалады деп санайды. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін іскерлік өкілдеріне арналған "Тұрақты даму жолы" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

  • 5 Қыркүйек 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz



«Осыдан бірнеше күн бұрын парламент сессиясын ашқан мемлекет басшысы 2012-жылға дейін Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру, ал жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша 13 мың долларға жеткізу жөнінде міндет қойды. Бұл біз үшін өте нақты әрі орындалатын міндет», — деп мәлімдеді премьер.

Ол бұған қоса «соңғы жеті жылда Жалпы ішкі өнімнің өсімі жылына 9-10% құрағанын, ал жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім деңгейі былтыр 5 мың доллардан асқанын» атап өтті.