Семейде жоғары кернеулі желілерді реконструкциялауға байланысты электр қуатын жоспарлы үзу енгізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жоғары кернеулі  желілерді реконструкциялауға байланысты электр қуатын жоспарлы үзу енгізілуде

Семейде жоғары кернеулі желілерді реконструкциялауға байланысты электр қуатын жоспарлы үзу енгізілуде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. СЕМЕЙ. Семейде жоғары кернеулі желілерді реконструкциялауға байланысты электр қуатын жоспарлы үзу енгізілуде. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика кампаниясы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 5 — 17 қыркүйек аралығында Орталық базар ауданында, Татарский край және Контрольный аулында электр қуаты үзіле бастады. «Бұл аудандарда төрт бригада жоғары кернеулі желілерді жалаңаш сымдардан изоляциялы сымдармен ауыстырып, монтаждау жұмыстарын жүргізуде, бұл жерде 7,5 шақырымды ауыстыру жоспарланған»,- деді энергертикалық компаниядағылар. Олар, сондай-ақ үстіміздегі жылы Семейде 23 шақырымды ауыстыру жоспарланғандығын хабардар етті.

«Біз тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,- деп атап көрсетті «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика кампаниясы» АҚ-дағылар.