«Соңғы кездерде Ақтөбе кенішінен ББФ маркалы тазаланбаған газды сату оқиғалары жиілеп барады»,- деп хабарлады облыс нарығына негізгі көгілдір отын тасымалдаушы болып табылатын «Промбаза-7» ЖШС директоры Ұсындық Ақұлова. Оның айтуынша, бұл газдың сапа сертификаты жоқ, ал оны пайдаланғаннан кейін ғимарат ішінде кетпейтін өткір иіс қалады. Компания директорының сөзіне сүйенсек, «газ жақсы тазалаудан өтпеген». Сондай-ақ оны пайдалану газ құралының ластануына әкеп соқтырады.
Ұ. Ақұлованың айтуынша, сапалы газды жасанды газдан тек зертханалық жолмен ғана ажыратуға болады. «Бірақ жағымсыз иіс — жасандылықтың ең басты белгісі»,- деп қосты ол. Ол сондай-ақ, нағыз газдың бір баллоны 850-900 теңгеден кем тұрмайды. «Егер газ баллоны 600 теңге тұрса, бұл — «жалған» газ деген сөз. Немесе газ баллонының салмағы тиісті салмағынан жеңіл болады»,- деп түсіндірді ол.
Ресми тасымалдаушы құқық қорғау органдарын «облысқа жасанды газдың тасымалдануын тоқтатуға» шақырады. «Ол қауіпсіздік көзі болып қана қоймайды, оны сататын адамдардың лицензиялары жоқ, қазына олардың кәсіпкерлік іс-қызметінен ешқандай салық алмайды деген сөз»,- деп түсіндіріп өтті ол.