«Бүгін мен үкіметтің қаулысына қол қойдым, соған сәйкес, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың басқаруымен аталмыш оқиғаның себеп-салдарын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды «, — деді К. Мәсімов бүгін журналистерге берген сұхбатында.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазір зымыран құлаған жерде тексерулер жүргізіліп жатыр. «Республикамызға келген экологиялық шығынның орны толықтай толтырылады», деп сендірді ол.
К. Мәсімовтың атап көрсетуінше, қазір «жағдай бақылау астында».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті