«Транспорттық стратегияға сәйкес үкімет 2015 жылға дейін жалпы құны 35 млн АҚШ долларына жуық бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде 3 млрд АҚШ долларына тең концессиялық негіздегі бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр»,- деді Серік Ахметов.
Оның айтуынша, 2015 жылға дейін 1600 шақырымға жуық жаңа темір жол салынып, 2700 шақырымға жуық бұрынғы темір жолды электрлендіру жобаланып отыр. «50 мың шақырымға жуық көлік тас жолдарын салу және жөндеу жоспарлануда»,- деп қосты министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті