Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады -   Мәсімов

Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады - Мәсімов

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады, деп мәлімдеді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

  • 6 Қыркүйек 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үкіметі әдеттегідей шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты бұрын негізі қаланған тиімді әрі түсінікті өзара пайдалы ынтымақтастық формуласының негізінде құрмақ ниетте», — деді К. Мәсімов «KazEnergy» ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде.

«Оның басты принципі — кеніштерді, пайдалы қазбаларды, бірінші кезекте мұнай мен газ кеніштерін игеруге пайдалы әрі шектеусіз атсалысуға мүмкіндік беру , инвестициялар, озық технологиялар, озық тәжірибе мен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік беру болып табылады», -деді премьер.

Сонымен қоса республика үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан «энергетикалық саясаттың ашықтығына бағынуды маңызды деп санайды». «Сол себепті біз Ұлыбритания үкіметінің энергетикалық индустрияның ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға біріктік», — деді К. Мәсімов. Осыған байланысты ол Қазақстанның барлық мұнайгаз компанияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті