«Ұлттық қордың қаржысы қазір шетелдерде орналастырылған және оның кірістілік проценті Қазақстан ішіндегі қандайбір мұнай жобасына жұмсалғандай жағдайдағыдан біршама төмен — талқыланған идеяның басты мәні осы», — деді ол.
Ұлттық қордың қаржысы жұмсалуы мүмкін қандайбір нақты мұнайгаз жобасы жөнінде талқыланып жатыр ма деген журналистер сауалына «Самұрық» өкілі былай деді: «Ұлттық мұнайгаз компаниясы жүзеге асырып жатқан ондай нақты жобалар бар, және «ҚазМұнайГаздың» акционері ретінде «Самұрық» оларға қосымша қаржы тартудан мүдделі», — деді Ғ. Кешубаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті