Облыстық дихандар орақ науқанын 24 тамызда бастаған, оны қыркүйектің аяғына дейін тәмамдауды жоспарлап отыр. «Қазір бидай мен бұршақ дәнділерді жинау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды әкімшіліктегілер.
6 қыркүйектегі жағдаймен, 1231,2 мың га (31,8%) аумақтан бидай орылып, 1166,6 мың га (30,1%) аумақтағысы бастырылды. Қазір өңірдегі егіс алқаптарында 8800-ден астам бидай орушы комбайндар жұмыс істеуде. «Күн сайын орта есеппен 200 мың га аумақтан түсім жиналып, 207,4 мың га аумақтан астық бастырылуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Биыл өңір бойынша егіннің орташа шығымдылығы бір гектардан 10,2 центнерді құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Зеренді (16 ц/га), Жақсы (14,5 ц/га) және Еңбекшілер (13,4 ц/га) ауданында тіркелген.
Ақмола облысында бидай және бұршақ дәнді дақылдар жиналатын алқап 3870,3 мың гектарды құрайды, бұл 2006-жылғыдан 7% артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті