Атап айтсақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада кеше 21 сағат 26 минутта «Тойота» және «Рено» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан «Тойотаның » 42 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, «Рено» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ал сол күні Алматы қалалық құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, Түріксіб ауданында «Митсубиси Паджеро» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі әйелді қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті