Павлодар және Ақтөбе облыстарында екі-үш тәулікке созылған дала өрттері сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар және  Ақтөбе облыстарында екі-үш тәулікке созылған дала өрттері сөндірілді

Павлодар және Ақтөбе облыстарында екі-үш тәулікке созылған дала өрттері сөндірілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Павлодар және Ақтөбе облыстарында екі-үш тәулікке созылған дала өрттері сөндірілді, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қыркүйек 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Павлодар облысында Марғұлан ауылынан 28 шақырым жерде 4 қыркүйекте 530 га аумақты шарпыған далалық өрт шықты. «Өрт 6 қыркүйек күні таңертең сөндірілді. Оны сөндіруге 76 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 36 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар министрлігінң ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Темір ауданында аудан орталығынан 20 шақырым жерде 5 қыркүйекте 600 га аумақта өрт шықты, оны тек екінші тәулікте ғана сөндіруге мүмкіндік туды. «Өртті сөндіруге 20 адам мен 1 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.