Қазақстан президенті Тәжікстанға сапары аясында бизнес-форумға қатысады - "Қазинвест" - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Тәжікстанға сапары аясында  бизнес-форумға қатысады - "Қазинвест"

Қазақстан президенті Тәжікстанға сапары аясында бизнес-форумға қатысады - "Қазинвест"

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 13 мен 14 аралығында өтетін Тәжікстанға ресми сапары аясында бизнес-форумға қатысады, деп хабарлайды агенттік Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі "Қазинвест" орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қыркүйек 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Сапар аясында, 13 қыркүйекте, екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан және Тәжікстан бизнесі өкілдеріне арнап «Қазақстан-Тәжікстан: инвестициялық ынтымақтастық перспективалары» атты бизнес-форум өткізу межеленген»,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бизнес-форум барысында экономиканың шикізаттан өзге салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау межеленген.