Атап айтсақ, теңгемен салынған депозиддің үлес салмағы 76,0% -тен 73,2%-ке дейін азайды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банк жүйесіндегі резиденттердің жалпы депозиттерінің көлемі 2007 жылдың шілде айында 2007-жылғы маусыммен салыстырғанда 2,9%-ке артып ( 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда — 23,6%-ке) — 3802,2 млрд теңгеге дейін жетті . Заңды тұлғалардың депозиттері 0,4%-ке — 2350,3 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларлың депозиттері 7,2%-ке — 1451,9 млрд теңгеге дейін артты.
Сонымен бірге, халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді ескергенде) бір айда 7,2%-ке — 1467,2 млрд теңгеге дейін артты. 2007 жылдың шілде айында тұрғындардың салымдары қүрылымында тенгелік депозиттер 7,1%-ке — 1098,2 млрд теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 7,2%-ке — 369,1 млрд теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы 74,9%-тен 74,8%-ке дейін азайды.
Банк депозиттері бойынша ставкалардың динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылдың шілде айында теңгелік жедел депозиттер бойынша сыйақылардың жылдық орташа ставкасы банктік емес заңды тұлғалар бойынша 4,0% ( 2007 жылдың маусым айында — 4,5%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша — 10,5% (10,5%) болған.