Апат өткен жұмада Құлжа тас жолының бойында болған. Маяк ауылына таяу жерде «ВАЗ-21099» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, соңғысы жарылып кеткен.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен «Жигули» көлігінің жолаушысы қаза тапты. Олардың бәрі де 20 — 25 жас аралығындағы жас жігіттер. «Қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатыр», — деп нақтылайды Құтқару қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті