Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында  дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді

Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді, деп хабарлайды агенттік.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 350
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Благодарный ауылдық округінде кеше 23.09-да далалық өрт шықты. «Өрт 10 қыркүйекте 04.25-те 3 мың га аумақта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Алға ауданында Ақтөбеден 25 шақырым жерде 9 қыркүйекте 12 сағат 25 минутта дала массиві өртенді, жалын 1,5 мың га аумақты шарпыды. «Өрт 20 сағат 30 минутта сөндірілді, оны сөндіруге 19 адам мен 1 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 адамы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Сонымен бңрге, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 5 мың гектар аумақта 6 тәулікке созылған өрт сөндірілді. «Өртті сөндіруге 57 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды», — делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті