ҚР ауылшаруашылығы министрі астық экспортына шектеу қоймауды ұсына отырып, еліміздің экспорттық әлеуеті өткен жылғы деңгейде сақталатынын айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ауылшаруашылығы министрі астық экспортына шектеу қоймауды ұсына отырып, еліміздің экспорттық әлеуеті өткен жылғы деңгейде сақталатынын айтады

ҚР ауылшаруашылығы министрі астық экспортына шектеу қоймауды ұсына отырып, еліміздің экспорттық әлеуеті өткен жылғы деңгейде сақталатынын айтады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. ҚР ауылшаруашылығы министрі астық экспортына шектеу қоймауды ұсына отырып, еліміздің экспорттық әлеуеті өткен жылғы деңгейде сақталатынын айтады. Бұл туралы Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Астықтың шығымы биыл біздің өткен жылғы деңгейде өнім экспорттай алатындығымызды көрсетіп отыр», — деп атап өткен А. Есімов былтыр 9 млн тонна астық шетелдерге шығарылғанын еске салды.

Сонымен бірге министрдің пікірінше, «астық экспортына рұқсат беру керек». «Астық экспорты тұрақты қадағалау аясында», — деді А. Есімов. Ауылшаруашылығы министрі қазіргі бар астық қоры елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.

«Мен бүгін 12,5 млн тонна астық бар екенін, алдағы уақытта егіс алқаптарының тағы 40%-інен өнім жинау қажет екендігін және бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге толық жететінін айта аламын», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті