Қазақстанда қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 60%-тен астамынан түсім жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының  60%-тен астамынан түсім жиналды

Қазақстанда қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 60%-тен астамынан түсім жиналды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 60%-тен астамынан түсім жиналды. Бұл туралы Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«15,3 млн гектар егіс алқабының 9,6 млн гектарынын, немесе 63% -інен бидай орылды», — деді А. Есімов.

«Жалпы түсім 12,4 млн тонна болды, бұл өткен жылғы деңгейден 4 млн тоннаға артық», — деді ол жалпы алғанда 19 — 20 млн тонна түсім жинау жоспарланып отырғанын айта келе.

«Алдын-ала балансқа сәйкес, ауыспалы қалдықты ескергенде 19,5 млн тонна түсім таратылуға тиіс», — деді министр.

Қалыпты күн райы ахуалы сақталған жағдайда, түсім жинау науқанын қыркүйектің 20-шы жұлдыздарында аяқтау межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті