Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ

Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Зымыранның құлау оқиғасына куәгер болған 19 адам Денсаулық сақтау министрлігінің назарына алынды. Бір адам да денсаулығына қатысты шағым айта келген жоқ», — деді В. Храпунов.

Министр сонымен бірге «малдардың да өзгеше қылық көрсету оқиғалары байқалған жоқ», деді.

В. Храпуновтың түсініктемесіне сәйкес ауылшаруашылығы министрлігі «оқиға орнында барлық малға диспансеризациялау шарасын жүргізген» . «Ол жерде 5820 қой, 777 ірі қара мал мен 300-ден астам жылқы бар. Олардың бәрі де диспансеризацияланып, қандарынан сынама алынды. Әзірге ешбір белгі байқалмайды», — деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті