Республиканың оңтүстік өңірлерінде судың бағасы қымбаттайды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың оңтүстік өңірлерінде судың бағасы қымбаттайды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Республиканың оңтүстік өңірлерінде судың бағасы қымбаттайды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Республиканың оңтүстік өңірлерінде судың бағасы қымбаттайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Жамбыл МТЭС-ында электр қуаты бағасының 6 теңге 42 тиынға дейін өзгеруі әрине, судың бағасын да көтеруге мәжбүрлемек, өйткені, су құбыры құрылымында электр қуатының үлесі 25 — 30% құрайды», — деді Б. Сағынтаев.

«Осыған байланысты біз республика өңірлері бойынша болжамдық сандарды есептеп шығардық», — деді ол. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, Алматыда тариф 33%-ке — бір текше метріне 14,07 теңгеден 18,78 теңгеге дейін өспек. «Алматы облысында баға өсімі 37%-ті — 24,57 теңгеден 33,78 теңгеге дейін, Жамбыл облысында — 25%-ке (11,8-ден 14,79 теңгеге дейін), Қызылорда облысында — 18%-ке (24,57-ден 28,93 теңгеге дейін) және Оңтүстік Қазақстан облысында — 10%-ке, 32,47 теңгеден 35,86 теңгеге дейін өспекші», -деп нақтылады Б. Сағынтаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті