«Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақты шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің негізгі өзегі қазақ-түрікмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарын әрі қарай дамыту жайы болады»,- деді Е.Ашықбаев.
Атап айтқанда, тараптар қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнайгаз кеніштерін игеру жобаларына, ек ел арасындағы темір жол мен өзге де көлік жолдары тармақтарының құрылысына қатысу, бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін, сондай-ақ өазар қарыздарды реттеу, Түрікменбашы қаласында қазақ мектебін салу мәселелерін талқылауы жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті