Атап айтқанда, Қазақстан президенті жұмыс сапарының бағдарламасы аясында «ҚазАзот» ЖШС химиялық кешенінде болып, өндірістік қуаты жылына 1360 мың тонна аммиак пен 1700 мың тонна карбамид өндіретін зауыт құрылысының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты. Бұл жоба 7 жылға есептелген және инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайды.
Жаңа өндірісте синтетикалық сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылын, аммиак селитрасын шығаруды жоспарлап отыр. Барлық өнім ТМД және ЕО елдеріне, ішкі нарыққа шығарылады. «Бұл жобаны жүзеге асыру тек Қазақстанның ғана емес, одан басқа да елдерді минералдық тыңайтқышқа деген сұранысын қанағаттандыра алады»,- деп атап крсетті Н. Назарбаев.
Бұл құрылысты салудың бас лицензиары жапонияның «Mitsubishi Heavy Industries» компаниясы, сондай-ақ бұл жобаға Данияның «Haldor Topsoe» фирмасы, Италияның «Snamprogetti» компаниясы қатысады. Осы компаниялардың, сондай-ақ «ҚазАзот» ЖШС, «Қазына» тұрақты даму қоры, Еуразиялық даму банкі және «JBIC» Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі арасында аралық келісімге қол қойылды. «Біздің елімізге дүниежүзілік көшбасшылар келді. Және олар еліміз экономикасына ауқымды инвестиция салуда»,- деп атап өтті елбасы.
Сонымен бірге мемлекет басшысы «Caspian Steel» ЖШС атты жаңа металлургиялық зауытта да болып қайтты. Мұнда президентке тоқпен болат балқыту цехының стендтері таныстырылып, металлургиялық өндірістегі сәулелі пештің іске қосылу рәсіміне қатысты. Жоба құны 50 млн долларды құрайды, қаржыландыру кәсіпорынның өз қаржысы мен екінші деңгейлі банктердің несиесі есебінен жүзеге асырылған. Кәсіпорынның жобалық қуаты 300 мың тонна металлургиялық өнім өндіруге негізделген.
Бұған қоса Н. Назарбаев «Ақтау теңіз айлағы» арнаулы экономикалық аймағының және транспорттық-логистикалық орталықтың аумағында салынатын тоғыз зауыттың құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты.
Қазақстан тарихында алғаш рет бір ғана кәсіпорынның емес, тұтастай индустриялық қалашықтың іргетасына капсула салынбақшы. Бұл жобаларға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 2 млрд долларды құрайды.
«Біздің амбициямыз Қазақстан экономикасында елді индустриялық бағдарламаларды орындауға жетелейтін 30 корпоративтік көшбасшы құрумен қорытындылады. Сөйтіп, біз минералдық ресурстарға тәуелсіз баламалы экономика құрмақпыз»,- деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті