Өрт кеше түстен кейін Абай ауданының Қарауыл ауылында шыққан. «32 шаршы метр аумақты шарпыған пішен қорадағы өртті сөндірген кезде 2003 жылы туған екі баланың мәйіті табылған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өрт екі сағатта сөндірілді. Оны сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 13 адамы қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті