Үкімет "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілерін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет "Оңтүстік" және  "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілерін бекітті

Үкімет "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілерін бекітті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін өткен үкіметтің отырысында "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілері бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 352
Фото - Caravan.kz

Вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің ұсынысы бойынша үкімет бір дауыстан қабылдаған шешіммен «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жетекшісі болып Асқар Мырзахметов, ал «Жетісу» корпорациясының жетекшісі болып Серік Сұлтанғалиев тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Мырзахметов кейінгі кездері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, С. Сұлтанғалиев — «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті