Үкімет инфляцияны ауыздықтауға бұдан былай да шаралар қолдануға уәде береді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет инфляцияны ауыздықтауға бұдан былай да шаралар қолдануға уәде береді

Үкімет инфляцияны ауыздықтауға бұдан былай да шаралар қолдануға уәде береді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Үкімет инфляцияны ауыздықтауға бұдан былай да шаралар қолдануға уәде береді. Бұл туралы бүгін мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінде өткен "2008-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесері барысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Үкімет инфляцияны ауыздықтай алады. Ол кейінгі бірнеше жылдан бері кең көлемді саясат жүргізіп, Ұлттық банкпен бірлесе шаралар қолдануда», — деді М. құсайынов.

Сонымен бірге ол , бюджет жобасында инфляциялық дәліздің 6 — 8% (ағымдағы жылы 5 — 7%) болып өзгертілуіне қатысты түсініктемесінде бұл сандардың «нақты болжамға негізделгенін» жеткізді.

«Былтыр инфляция 8 — 6% болды, біз инфляцияны осы аяда ұстап тұра алдық, ал биыл да инфляция осы аралықта — 8% сақталады. Сол себепті біз нақты болжамды негіз етіп алдық , ол — 6 — 8%», — деді вице-министр.

Осы орайда ол болжамның өзгеруі әлеуметтік төлемдерге әсер ететінін, атап айтқанда, инфляциялық дәліз 5 — 7% болған жағдайда индексация 8%-ке, дәліз болжамы 6 — 8% болғанда, индексация 9%-ке жасалатынын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті