Президенттің тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды  (толықтырылған нұсқа)

Президенттің тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды (толықтырылған нұсқа)

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Менің тікелей тапсырмама қарамастан, «Медеу» маңында құрылыстар мен биік үйлерді үсті-үстіне салу одан әрі жалғасуда. Кіші Алматы шатқалы Медеуге дейін құрылысқа толған. Бутаковкада бәрін қоршауға алып, өзенге баратын жолдарды жауып тастаған. Алматылықтардың ашуында шек жоқ. Ал Үлкен Алматы өзенінде экологиялық нормадан тыс, заң бұза отырып салынған жүздеген үйлер пайда болған», — делінген бүгін үкіметтің отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов оқып берген президенттің хатында.

Президент үкіметке Қаржы министрлігі, экономика министрлігі, Төтенше жағдайлар министрліктерінің және құқық қорғау органдарының қатысуымен Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерттейтін комиссия құрып, «қалада белең алған былықшылықты» жоюды тапсырды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, үкімет басшысы жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды, оны премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі басқарады.

Топ құрамына бас прокурордың орынбасары, индустрия және сауда министрі, әділет министрі , төтенше жағдайлар министрі , қоршаған ортаны қорғау министрі мен жер ресурстары жөніндегі комитет төрағасы кірген.

Жұмыс тобына 20 қыркүйекке дейін президент алға қойған мәселелерді зерттеп, үкіметке ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен бірге, К. Мәсімовтың айтуынша, бұл мәселе Қауіпсіздік кеңесінің отырысына шығарылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті