«Бүгін табылған барлық бөлшектерді жинай бастауға бұйрық беру жөнінде шешім қабылданады», — деді В. Храпунов бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде. «Қарағанды облысының аумағына шашылып кеткен бөлшектер түгел жинадып, пайдалы жаратылады», — деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Протон» зымыран тасығышы ғарыштық орбитаға Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсететін JCSAT-11 ғарыштық аппаратын шығаруға тиіс еді.
6 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы, «Бриз-М» үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады.
Ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.
«Протон-М» — Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті