Қазақстан жағы Жапонияның JCSAT-11 жер серігінің сынықтарын Ресейге сақтауға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жағы Жапонияның  JCSAT-11 жер серігінің сынықтарын Ресейге сақтауға берді

Қазақстан жағы Жапонияның JCSAT-11 жер серігінің сынықтарын Ресейге сақтауға берді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан жағы "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерден табылған Жапонияның JCSAT-11 жер серігінің сынықтарын Ресейге сақтауға берді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Жер серігінің бөлшектері табылды, олар кеше Ресей жағына сақтауға берілді», — деді В. Храпунов бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы, «Бриз-М» үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

«Протон-М» — Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті